Аудан әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы жұмыс жоспарына сәйкес Қазығұрт, Шарбұлақ, Қызылқия және Алтынтөбе ауыл округтерінен келген бірқатар тұрғындармен жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, тиісті мекеме басшылары, ауыл округ әкімдері мен тиісті мамандар қатысты. Әкімнің қабылдауында болған азаматтар тұрғын үй мәселелері, кәсіпкерлік бағытта және егістік жер сұрау, жұмыссыздық, табиғи газ, ауыз су және электр бағаналарын орнату мәселелері төңірегінде сұрақтар қойып, өтініштерін айтты. Аудан басшысы сұрақтарға толыққанды әрі нақты жауап қатып, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына, тиісті мекеме қызметкерлеріне заң аясында шешімін табуды тапсырды.
© Қазығұрт Ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі