Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков автоматтандырылған газ тарату станциясында болып, жұмыс барысымен танысты. Бүгінгі таңта онда «Стройгаз» ЖШС-і арқылы газ тарату қондырғысына қажетті блоктар жеткізіліп, монтаждау жұмыстары жүруде. Аудан басшысы мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, монтаждау жұмыстарын өз уақытында сапалы атқаруды ескертті. Жауапты мамандарға әрбір істі жіті бақылауды тапсырды.
Айта кетейік, Шолаққорған ауылын табиғи газбен қамту үшін «Шолаққорған ауылдық округінің газ тарату желісін салу» жұмыс жобасы бойынша 190 шақырымды құрайтын 100-ге жуық көшеде орналасқан 3200 абонентке газ құбыры жүргізіліп, шкафты газ реттеу пункітінің орындары дайындалған.
Биылғы жылы АГТС қондырғыларын толық орнатып,Шолаққорған ауылы мен Жеткеншек елді мекені тұрғындарын табиғи газбен қамту жоспарлануда. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан басшысының жіті бақылауында.