Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың аудан тұрғындарының алдындағы есептік кездесуі ауданымыздың шығыс қақпасында орналасқан Шақпақ ауылдық округінен басталды.
Басқосуда аудан әкімі өткен жылы аудан және округ кесіндісінде атқарылған жұмыстарды және алдағы уақытқа жоспарланған жобаларды баяндап, тұрғындардың өтініш-ұсыныстарын тыңдады.
Тұрғындар тарапынан қыс мезгілінде күре жолды қардан тазалау, интернет, электр жарығы, газ қысымының аздығы, халықаралық жол бойынан өткел істеу сынды мәселелермен жүгініп, аудан әкімі тарапынан қанағаттандырарлықтай жауап алды.
Возможно, это изображение 13 человек и текст
Кездесуді пайдаланып Нұржан Жақсылықұлы қыстағы боран кезінде жолаушыларға ел болып қолдау көрсеткен шақпақтықтарға алғысын білдіріп, ендігі кезекте ауыл-аймақтың тазалығына ат салысуға шақырды.
Әр отбасы өз ауласы мен есік алдын ерінбей тазаласа, соның өзі ортақ үйіміздің көріктенуіне сүбелі үлес қосқаны деді, аудан басшысы.
Ауылдық округ аумағында атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар:
— Шақпақ баба ауылындағы мәдениет үйінің ауласын абаттандыру жұмыстары;
— Шақпақ баба ауылындағы спорт комплекстің құрылысына сметалық құжаттар толық әзірленіп, қазіргі таңда сараптама қорытындысы алынуда.
— Шақпақ баба ауылында жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде;
— Шақпақ баба ауылында бір ауысымда 25 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысына сметалық құжаттар толық әзірленіп, қазіргі таңда сараптама қорытындысы алынуда.
Бұдан бөлек өткен жылдары істелген жолдардағы кемшіліктерді жою және т.б. жұмыстар атқарылатын болады.

Пікір жазу