Қала әкімі Гульжан Курманбекова ағын су тапшылығын болдырмау мақсатында жауапты сала мамандарына механикалық тазалауға жататын ішкі шаруашылық каналдарды зерделеп, тиісті деңгейде жұмыс жүргізуді тапсырған болатын.
Бүгінде, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының бірінші аптасында Арыста жалпы ұзындығы 29 шақырымды құрайтын 4 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Мақсат – мол өнім алуға үмітті диқандарға вегетациялық кезеңді жүйелі іске асыруға мүмкіндік туғызу арқылы суармалы жер көлемін ұлғайту.
Осыған орай, қаламызға қарасты Байырқұм ауылдық округінінің диханшыларына су жеткізуші БК-1 (5,5 шқ) және Жиделі ауылдық округіндегі 3-К-1, 3-К-2, 3-К-3 (23,52 шқ) шақырымды құрайтын каналдарға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Тиісті жұмыстар «Ақаба Сервис» ЖШС теңгеріміндегі шынжыр табанды экскаватор көмегімен жүзеге асырылуда.