Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » 700-ДЕН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫНЫ АНЫҚТАДЫ

700-ДЕН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫНЫ АНЫҚТАДЫ

Полиция қоршаған орта тазалығына нұқсан келтірген 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
Түркістан облысының полицейлері қоршаған ортаның абаттандыру қағидаларын бұзу, ортақ пайдаланатын орындарды ластау, жасыл екпелерді жою және бүлдіру заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыс жасап келеді. Мәселен полицейлермен осы бағытта атқарылған жұмыстың 2 тәулігінде 739 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік жауапкершілік қаралды.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Атап айтсақ, тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау бойынша 11 жайт, белгiленбеген орындарда сауда жасаумен 72 дерек тіркелді. Ал ортақ пайдаланатын орындарды ластау оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау бабымен 267 дерек анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік шара көрілді.
Сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіру бойынша 194 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа жол құрылыстарын бүлдіру бабымен 131 тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды.
Возможно, это изображение 2 человека
Ескерте кетсек, облыс аумағында полиция департаментінің бастығы М.Қабденовтың тапсырмасымен ағымдағы жылдың 8-14 сәуір аралығында «Тазалық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осы ретте полицейлер тәртіпке бағынып, қандай да бір заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырады. Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға кеңес береді.

Пікір жазу