Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “АУЫЛДЫҢ КЕЛБЕТІ ӘКІМІНІҢ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНІН КӨРСЕТІП ТҰРАДЫ”

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “АУЫЛДЫҢ КЕЛБЕТІ ӘКІМІНІҢ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНІН КӨРСЕТІП ТҰРАДЫ”

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев жұмыс сапарымен Төрткүл елді мекеніне барып, тоғыз жолдың торабындағы ауылдың тазалығын, абаттандырылуын бақылап көрді.
Ауылды кіре берістен жаяу аралаған аудан басшысы бірінші кезекте жол бойының тазалығына назар аударды. Ауыл әкіміне жол жиегіне бей-берекет қоқыс тастағандар болса, оларды анықтап, заң аясында шара көруді тапсырды. Сондай-ақ қоршауларды, электр бағаналарын, бардюрлерді сырлау, ағаштарды ақтау, бұтау, тозығы жеткен кейбір нысандардың қасбеттерін ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыруды міндеттеді.
— Атқарылып жатқан жұмыстар әлде де көңіл көншітпейді. Ауылдың келбетіне қарап әкімінің жұмысына баға береді жұрт. Оң баға алу үшін тек жұмыс істеу керек. Тек ауылдың орталығына ғана емес, округтегі басқа да ауылдарға көңіл бөлген абзал. Тазалық жұмыстарына тұрғындардың да атсалысқаны маңызды. Сондай жұмыстарды ауылдың әкімі ұйымдстыра білуі тиіс, — деді аудан басшысы.
Нет описания фото.
Аудан әкімі Төрткүлдің тазалығынан бастап басқа да атқарылуы тиіс жұмыстар жіті бақылауда болатындығын айтып, сала мамандарына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Пікір жазу