Аудан әкімі Арман Абдуллаев Көктерек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Кездесу барысында аудан басшысы алдымен қараша айындағы кездесуде көтерілген мәселелер бойынша тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
– Әкімнің міндеті – халықпен кездесу, ауылдың жағдайын білу. Өзінің құзыреті аясында мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдау. Барлық жұмыстар кезең — кезеңімен, маңыздылығына байланысты жүзеге асады. Айта кетсем, алдыңғы кездесулерде көтерілген 27 мәселенің 12 мәселе шешілді, 10 шешілу үстінде 5 кезең-кезеңімен шешімін табу жоспарлануда. Біздің басты мақсатымыз – халықтың табысын арттыру, қордаланған мәселелерін шешу, әрбір елді мекенін дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау», -деді аудан басшысы.
Жиын барысында тұрғындардың басым бөлігі жаяу жүргінші жолын салу, жарық бағаналарын орнату, қоқысты тазалау, жер және жол мәселесі сонымен қатар халықтың әлеуметтік жағдайы туралы өтініштері мен пікірлерін айтты.
Кездесуден кейін, аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, талап-тілектерін тыңдап, заң аясында жауап берді.
Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.