Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Қоғамда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының «Таза өлке» апталығы аясында Қазығұрт ауданы Тұрбат ауыл округінде орналасқан «Ысмайыл ата» және «Ысқақ ата» сәулет кешендерінде тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімі баспасөз қызметінің фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға ауданның белсенді жастары, еріктілер мен ауыл ақсақалдары бас болып қатысты. Тазалық акциясы барысында жастар тарапынан әулиелі және қасиетті саналатын Ысмайыл ата, Ысқақ ата, Жәбрейіл ата, Қошқар ата кесенелерінің айналасы қоқыстардан тазартылып, көшеттер егіліп, ескіріп сылағы түскен қабырғаларын ақтап әрлеу жұмыстары жүргізілді.
Возможно, это изображение 4 человека, люди играют в гольф, трава и дерево
Ауыл ақсақалдары, Өзбек этно-мәдени орталығының белді мүшесі Сабитов Бахром еріктілер мен жастарға өткізіліп жатқан экологиялық акцияның мән-мағынасын түсіндіріп, ауыл тұрғындары атынан алғыс айтса, Социалистік еңбек ері Төле Ағабеков акцияға қатысушыларға ел амандығын тілеп бата берді.
© Didarbek.kz 

Пікір жазу