Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АҚБИІКТЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

АҚБИІКТЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Aудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың халық алдындағы есептік кездесуі Ақбиік ауылдық округінде жалғасын тапты, деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы Әкімдігінің фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
Бұл жерде тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, аудан әкімі және салаға жауапты басшылар тарапынан оның шешу жолдары талқыланды.
Мәселен, көп жылдан бері орталықтан Құлан және Сарытөр ауылының бағытындағы жалпы ұзындығы 18,2 шақырымды құрайтын КХ-70 облыстық маңызы бар жолдың қанағатсыз жағдайы айтылып келген-ді. Бұл жолға ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары бастау алмақ. Бүгінгі таңда тиісті басқарма тарапынан жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, Құлан ауылындағы ауыз су тапшылығын түбегейлі шешу мақсатында қосымша ұнғыма қазылып, су мұнарасы орнатылмақ.
Ал, ағын суға келетін болсақ, аймақтың басым бөлігін сумен қамтып отырған Жоғарғы Көкірек және Таңта каналдарының бетондау мен қажетті тұстарына механикалық тазалау жұмыстары халықтың егіндікті суғару маусымына кедергі болмайтындай қылып жүргізілетін болады.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылы «Ауыл Ел-Бесігі» бағдарламасы шеңберінде Ақбиік ауылындағы Бірлік көшесін ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылмақ.
Басқосуда сондай-ақ, ветеринарлық қызмет, жаңа құрылыс көшелерін қажетті инфрақұрылыммен қамту, спорт пен жер қатынастары саласына қатысты мәселелер көтеріліп, жауапты мекеме басшылары тарапынан нақты жауаптар берілді.
Возможно, это изображение 6 человек
Кездесуді қорытындылаған Нұржан Жақсылықұлы, бүгінде елімізде қарқын алған «Таза Қазақстан» акциясына барлық тұрғындардың ат салысуын үндеп, су басқан өңірлердегі қандастарымызға көмек беруге ат салысуға шақырды.
Айта кетерлік, қазіргі таңда жерлестеріміз су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жолдады. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
© Didarbek.kz 

Пікір жазу