Aудан әкімі Арман Абдуллаев аудандық орталық ауруханаға арнайы барып, аурухана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Аудан Әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мердігер мекеме «АГС-ПЛАСТ» ЖШС тарапынан аудандық орталық аурухананың ғимаратының В блоктарының және асхана, қазандық, кір жуу және мәйітхана ғимараттарының ішкі және сыртқы құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда, жалпы 100 жұмысшы А, Б блоктар бойынша жөндеу жұмыстарын атқаруда.
Жөндеу барысымен танысқан аудан басшысы мердігер мекеме өкілі мен жауапты басшыларына бірқатар ескертулер беріп, нысанды уақытынан кешіктірмей бітіруді және жұмыс сапасын жақсартуды, сондай-ақ қарқынын күшейтуді тапсырды.
© Didarbek.kz