Созақ ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы «Таза өлке» апталығы аясындағы жұмыстар жалғасуда. Көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру бойынша қарқынды жұмыстар жүруде, деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы Әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудандағы барлық ауыл, кент округтерден тазалық жұмыстарына 1000-ға тарта тұрғындар жұмылдырылды. Ауыл тұрғындары мен мекеме, кәсіпорын қызметкерлері аумақтарда белгіленген аулалардан 235 тонна қоқыс қалдықтарын шығарды. Бүгін көшелер сыпырылып, арықтар мен жол жиегіндегі қоқыстар жиналды. 3000 түп ағаш түптері әктеліп, көгалдандыру жұмыстары жүрді. Көше тазалығын сақтауға тұрғындарда ат салысуда.
Айта кетейік, бұл бір күндік жұмыс емес. Туған жерді таза ұстау біздің парызымыз. Жалпы, «Таза Қазақстан” экоакция аясы басталғалы ауданда 500 можеввельник, 22000 мың қара тал егілді.
© Didarbek.kz