Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » БОЛАШАҚ БІЛСІН!..

БОЛАШАҚ БІЛСІН!..

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» ұжымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын басшылыққа ала отырып, «2018 жылғы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» қызметкерлерінің 2050 жылғы әріптестеріне жазған «аманат хат» капсуласын салтанатты түрде орнату рәсімін өткізді.

Капсуланы орнату рәсімі Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласына 20 жыл толуына орай, сондай-ақ «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай қолға алынған.

«Аманат хат» капсуласының болашақ үшін мəні мен маңызына тоқталған қорық-музей директоры Нұрболат Ахметжанов: ««Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» қызметкерлерінің 2050 жылғы әріптестеріне жазған «Аманат хаты» болашақ музей қызметкерлеріне арналып отыр. Бұл хатта Қазақстанның ширек ғасырдағы жетістігі,  «Қазақстан – 2050» даму стратегиясы аясында 30 өркениетті елдердің қатарына енуі,  Ел тәуелсіздігі тарихында, Елбасымыз бас болып елімізді әлемге танытқан, халықтың мерейін асырған көптеген игі істер атқарылғандығы арқау болды. Бұл келешек әріптестерімізге деген аманат арқалатқан зор сенім», – деп ой түйіндеді.

Шара барысында республикалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы Светлана Иманқұлова музей ұжымының оң бастамаларына сәттіліктер тіледі. Музей қызметкерлерінің қолы қойылған аманат хат арнайы орынға орналастырылды.

Мәдина Айтпенбетова

Пікір жазу