Отырарда «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» республикалық экологиялық акциясының «ТАЗА ӨЛКЕ» апталығы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстары барысында Шәуілдір ауыл округіндегі «Арыс жағалауы» саябағы мен «Ардагерлер» паркінің және Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемемлекеттік мекесінің аумағын тазалау, аудан орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртын әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
. Сондай-ақ, Жібек жолы даңғылының бойы, Ұ.Арғынбеков, Д.Алтынбеков, М.Әуезов көшелерінің бойындағы күл-қоқыстар тазартылып, арамшөптер оталды.
Тазалық жұмыстарына Шәуілдір, Темір, Арыс, Көкмардан ауылдарының тұрғындары мен бөлімдер мен мекеме қызметкерлері атсалысты. Аудан орталығы мен ауылдарды абаттандыру, «Таза өлке» апталығында ауыл тазалығын қалыптастыру мақсатындағы сенбілік жұмыстарына 400-ге жуық адам атсалысып, 6 арнайы техника жұмылдырылған. Аудан көлемінде жалпы 25 тонна күл-қоқыс шығарылып, арнайы полигондарға тасталды.
© Didarbek.kz