2021 жылы Төлеби ауданы әкімдігі, «ШЫМКЕНТЦЕМЕНТ»АҚ және «Киелі Қазығұрт» қоғамдық бірлестігі арасында үш жақты меморрандум жасалып, келісімге сәйкес «ШЫМКЕНТЦЕМЕНТ» АҚ Ақбастау ауылынан заманауи спорт кешенін салып беруге уәде еткен болатын. Бүгін, Төлеби ауданы, Ақбастау елді мекенінде меморандум негізінде салынатын спорт кешенінің алғашқы қазығын қағу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Төлеген Телғараев ауылдық округ халқын заманауи барлық талапқа сай келетін спорт кешенінің құрылысының басталуымен құттықтап, спорт нысанының алғашқы қапсуласын салды.
— Құрметті Ақбастау елді мекенінің тұрғындары! Сіздерді, спорт кешенінің құрылысының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Спорт кешені елді мекен тұрғындарына қажетті әлеуметтік нысандардың бірі болып табылады. Тұрғындарды салауатты өмір салтына шақыру, бос уақытын тиімді өткізуге арналған спорт кешенінде ел игілігіне еңбек етіп, әлемдік додада өнер көрсететін спортшыларды тәрбиелей берсін, деді құттықтау сөзінде аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы.
Аталмыш нысанның құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 1 мамырында басталады. 2025 жылдың жылдың мамыр айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Тапсырыс беруші «Шымкентцемент» АҚ. Мердігер мекеме «Оңтүстік Энерго Строй-Сервис» ЖШС. Техникалық қадағалаушы мекеме «Корпорация Jana-Alem” ЖШС.
Ұлт денсаулығын нығайту, халықты бұқаралық спортпен айналысуға шақыру бағытталған кешенді жоспар кезеңімен жүзеге асуда. Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында көптеген спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, ауданда 400 ге жуық спорттық нысан қызмет көрсетеді. Оның ішінде, 68 спорт зал, 294 спорттық алаңдар, 1 стадион, 2 жүзу бассейні бар. 2023 жылдың 10 айында спортпен шұғылданушылар саны – 50950 адамға жетіп отыр. Яғни, жалпы халықтың 41,9 пайызын құрауда. Жалпы аудан бойынша балалар мен жасөспірімдерді 116 кәсіби жаттықтырушы-маман баптап жүр.
© Didarbek.kz