Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » БАЛАЛАР НЕ ҮШІН ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАЙДЫ, КІНӘЛІ КІМ?

БАЛАЛАР НЕ ҮШІН ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАЙДЫ, КІНӘЛІ КІМ?

Суицид – қоғам дерті. Жасөспірім суициді неге көп? Оқушы мұндай қадамға не үшін барады? Сұрақ көп, жауап жоқ. Соңғы кездері біз бала суициді туралы жиі еститін болдық. Бұл мәселеге бейжәй қарауға болмайды. Өз-өзіне қол жұмсауға мектеп кінәлі, ал психологтар отбасы жағдайының тұрақсыздығы мен ата-ананың балаларына көңіл бөлмеуі деп жатады.

Менің ойымша бірінші кезекте бала тәрбиесіне жауапты әке-шеше. Оқу орнында түрлі жағдайлар болады. Үлкендердің кішілерге әлімжеттік жасауы, ақша жинау, сыныптастар арасындағы келіспеушілік тағы басқаның бәрі психологиялық тұрғыда буыны қатпаған оқушыға ауыр тиеді. Сол себепті ата-ана баламен ашық сөйлесу керек. Кей бала ата-ананың ықыласы мен сүйіспеншілігіне мұқтаж. Тым қатал тәрбие де дұрыс емес, себебі бала сізге проблемасын айтудан қорқады. Бала бір күннің үштен бір бөлігін ғана мектепте өткізеді. Бос жүрмес үшін оны жастайынан еңбекке дағдыландырған жөн. Еңбек дегеніміз сол кітап оқу,спортты жанына серік ету десек артық айтқандық емес. Мүмкіндігінше әр ата-ана баласын қосымша үйірмеге, өзін дамыту сабақтарына бергені абзал. Оны мұқият бақылап, құрдастарымен қарым-қатынасы дұрыс болуына жағдай жасау маңызды. Мектеп білім беруге міндетті. Ал тәрбиені ең алдымен отбасы береді.

ҚАТЕЛІК ӨЗІМІЗДЕН, МЕКТЕПТЕН ЕМЕС

Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Әрбір бала «мен әкемнің, анамның сүйіктісімін, мен оларға қымбатпын» деп сезінуі керек. Әке-шеше оның қалауын орындап, баланы жақсы көретінін білдіруі тиіс. Бала ата-анасынан үнемі қолдау тауып, оларға керек екенін білсе, суицид түгілі басқа да жаман әрекеттерден аулақ жүреді. Сондықтан, құрметті ата-ана бала жүрекке көңіл бөліп, оларды жақсы көріңіздер!!!

Нұрғазы Бұхарбаев

Пікір жазу