Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » МАУСЫМДЫҚ ГҮЛ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

МАУСЫМДЫҚ ГҮЛ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

 Биыл аудан орталығы мен ауыл округтерді көгалданыру бойынша жоспар ауқымды. Абаттандырылатын аумақтар көбейіп, гүлзарлар алаңы да ұлғайтылған, – деп хабарлайды DIDARBEK.KZ тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпы, сәуір, мамыр айларында ауданда 90 мыңнан астам гүл егу жоспарланған. Қазіргі таңда аудан орталығында маусымдық гүл егу жұмыстары басталды.
Возможно, это изображение 1 человек, фрукт, цветок, улица и текст
Сонымен қатар, “Таза Қазақстан” акциясы аясында аудан әкімінің тапсырмасымен әрбір ауылдық округте сенбіліктер тұрақты түрде өткізілуде. Ағаштар ақталып, қоршаулар боялып, жол бойындағы нысандардың қабырғалары сырлануда. Одан бөлек, арнайы аумақтар белгіленіп, ағаш көшеттері отырғызылуда. Сенбілік шараларына тұрғындар, белсенді азаматтар мен мекеме қызметкерлері қатысып, тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосуда.

© Didarbek.kz

Пікір жазу