Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » “ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ”: ҚАЛА ӘКІМІ ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

“ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ”: ҚАЛА ӘКІМІ ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Шымкентте республикалық акцияның “Өнегелі ұрпақ” апталығы аясында тазалық шаралары жүргізілді. Акцияға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы қазыналы қарттарымызбен, қала тұрғындарымен және еріктілермен бірге тұрғын үй аумағын тазалады. Акция барысында шөп орып, айналаны қоқыстан тазартты және ағаш ақтады.
Сонымен қатар, экологиялық шара аясында қала жастары, мәслихат депутаттары мен белсенді азаматтар қарттар үйіне барып, ауласын абаттандырды. Ал, демеушілер қайырымдылық көмек көрсетті.
Сондай — ақ, қала әкімінің орынбасары С.Құранбек бастаған азаматтар 100-ге келген ҰОС ардагері Нина Мосунованың үйіне барып, ауласын тазалады. Белсенділер ағаш түбін қопсытып, қораларын сырлап берді.
Бұдан бөлек, барлық басқарма мен аудан әкімдігінің қызметкерлері, қала жастары мен еріктілер қарттарымыздың батасын алып, экологиялық шараға өз үлесін қосты.
Жалпы “Өнегелі ұрпақ” апталығы аясында қаладағы барлық көмекке мұқтаж қарттарды қамту қарастырылған. Қариялардың үйіне барып, ауласын тазарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы ерекше өтуде. Үлкен де, кіші де, қайраткер де барлығы тазалық акциясына белсінді қатысуда. Тазалық жұмысы тек тазалықпен шетелмей, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, апталықты айшықтай түсті.
Бүгін «Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында Шымкент қаласының белсенді жастары, оқу орындарының ұйымдары мен жоғарғы оқу орындары және техникалық және кәсіптік орта білім беру мекемелерінің жастары тазалық акциясын насихаттай отыра, Арбат демалыс аймағында 300-ге жуық жастың қатысуымен «Өз елін сүйетін өнегелі ұрпақ» тақырыбында флешмоб ұйымдастарды.
— Баршамызға белгілі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы бастау алған болатын. Қазіргі таңда абаттандыру мен сенбілік жұмыстарына қаламыздың жастары белсене қатысуда. Бұл апталықтың атауы – «Өнегелі ұрпақ». Осы орайда, жастар ардагерлер үйі, қарттар үйілеріне арнайы барып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Өнегелі ұрпақ – ұлт болашағы!», — дейді М.Әуезов атындағы ғылыми зерттеу университетінің белсенді жасы Нұраят Зият.
— «Біз – жастар, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» акциясын толық қолдай отырып, еліміздің дамуы мен көркеюі үшін барлық күш-жігерімізді жұмсап, ел жолында аянбай еңбек етуге уәде береміз», — деді қала жастары.

 

 

Пікір жазу