Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» акциясы негізінде ұйымдастырылып жатқан «Өнегелі ұрпақ» науқаны кең көлемде өткізілуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты, бүгін бірқатар нысандарда тазалау жұмыстары жүргізілді. Атап айтар болсақ, «Абай» саябағында санитарлық тазалау жұмыстары өткізілді. Оған, Тұран ауданы Ардагерлер ұйымы, еріктілер және коммуналдық мекеме қызметкерлері мен басқарма, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері ат салысты.
Сондай-ақ, Тұран ауданына қарасты Қарттар үйі де тазаланды. Аула ретке келтіріліп, жуу, сыпыру, ақтау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Абай даңғылы №33 а, б көп қабатты тұрғын үй ауласында тазалық жұмыстары жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек аудан аумағындағы 20-ға жуық көп қабатты тұрғын үй ауласында санитарлық тазалық атқарылды.

Бүгінгі «Өнегелі ұрпақ» науқанына байланысты атқарылған жұмыстарға барлығы 1000-ға жуық адам және 20 техника жұмылдырылды.
Бүгінгі күнге дейін Тұран ауданына қарасты 21 елді мекеннің барлығы күнделікті, кестеге сәйкес тазаланды. Сондай-ақ, 7 егде жастағы зейнеткерлер үйінде тазалық жұмыстары жүргізілді.
© Didarbek.kz