Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімдері, басқарма басшыларының қатысуымен біріңғай қабылдау өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қабылдауда аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Н.Тілеш тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Оның ішінде жер мәселесі, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие алу, әлеуметтік көмек, инфрақұрылым, коммуналдық сұрақтар, тұрғын үй құрылысы сынды мәселелер бар.
Қабылдау қорытындысымен аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Н.Тілеш жауапты бөлім басшыларына әрбір тұрғын тарапынан айтылған мәселелерді назарда ұстап, тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырма жүктеді.
© Didarbek.kz