Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЫСТАМБҰЛ – ТҮРКІСТАН АРАСЫНДА ЖҮК ҰШАҒЫ ҚАТЫНАЙ БАСТАДЫ

ЫСТАМБҰЛ – ТҮРКІСТАН АРАСЫНДА ЖҮК ҰШАҒЫ ҚАТЫНАЙ БАСТАДЫ

Ыстамбұл мен Түркістан қалалары арасында енді жүк ұшағы қатынайды. Қос шаһар арасындағы байланыстың нығаюына «Turkish Cargo» әуекомпаниясы қызығушылық танытып отыр. Алғашқы «Airbus 330-200» бортымен 37 тонна жүк келген. Жүктің басым бөлігі киім-кешек, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүк ұшағы Италияның Рим қаласынан ұшып, Түркия арқылы Түркістанға жеткен. Енді Түркістаннан ұшаққа азық-түлік артылып, Қытай еліне қарай аттанады. Еуропаға тікелей жүк тасымалдауға қолайлы ұшақ аптасына екі рет, сәрсенбі және жұма күндері қатынайтын болады.
Возможно, это изображение 3 человека и летательный аппарат
Айта кетейік, 2020 жылы ашылған «Түркістан» Халықаралық әуежайынан жуырда ғана Самарқандқа тікелей қатынайтын рейс ашылған болатын. Сондай-ақ, Абу-Даби, Ыстамбұл, Эль-Кувейт қалаларына тікелей әйе рейстері қатынайды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу