Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АҒЫН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АҒЫН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Аудан басшысы Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округіне қарасты, Бағыс елді мекенін ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарының барысын бақылады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда, Ақжар ауылдық округіне қарасты Бағыс елді мекеніндегі «Сифон» құбырлы каналын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, биыл сәуір айынын бастап мердігер мекеме «Сәулет 2012» ЖШС тарапынан жалпы 5,3 шақырым құбыр тарту жұмыстарын атқаруда.
Нет описания фото.
Ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысын бақылаған аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне және су шаруашылығы мекеме басшысына ескертулер айта отырып, жөндеу жұмыстарын тездетуді, сапалы аяқтауды тапсырды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу