
Қошқар ата өзенінен 100 текше метрге жуық қоқыс шығарылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін өзеннің Республика даңғылының бойы мен Ордабасы алаңы арқылы өтетін аумағы тазаланды.

Тұрмыстық қоқыс пен табиғи қалдықтардан тазалау жұмыстарына
7 арнайы техника, 10 адамнан құралған 2 бригада жұмылдырылды.

Жалпы Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасы Қошқар ата өзенін тазалау жұмысын күнделікті кестеге сәйкес жүргізуде.

Қала тұрғындарынан өзенге қоқыс тастамай,
таза ұстауын сұраймыз.