Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » ШЫМКЕНТТІК ҚҰТҚАРУШЫЛАР ӨЗ ОТБАСЫЛАРЫНА ОРАЛДЫ

ШЫМКЕНТТІК ҚҰТҚАРУШЫЛАР ӨЗ ОТБАСЫЛАРЫНА ОРАЛДЫ

Су тасқынынан зардап шеккен аумақтардықтардың бірі Ақмола облысына шымкенттік құтқарушылар аттанған болатын. Төтенше жағдайлар департаментінен аттанған жеке құрам Ақмола облысында орын алған су тасқынына қарсы жұмыстарды толық орындап, тұрақты орналасу пунктіне оралды.
Етігімен су кешіп, елі үшін жыраққа кеткен құтқарушыларды салтанатты түрде әріптестері мен туыстары, балалары күтіп алды.
Салатанатты іс-шара барысында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Қуанар Базарбаев авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген құтқарушыларға алғыс айтып, бірлескен әрекет пен күш-жігер қиын кезеңді еңсеруге көмектескенін атап өтті.
— Шымкент қаласы төтенше жағдайлар депарматенті күштері мен құралдары Ақмола облысындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысты. Олар 28 наурыздан бастап Ақмола облысының Аршалы, Атбасар, Целиноград аудандарында тәулік бойы су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізіп, дамбыларды нығайту үшін инертті материалдармен толтырылған 21 270 қап төседі.
Сондай-ақ, 100 480 текше метр суды арнайы сорғылармен сорды. Ақмола облысына Шымкент қаласы төтенше жағдайлар депарматентінен 40 жеке құрам, 5 техника, 15 мотопомпа, 1 қайық жіберілген болатын, — деді Қуанар Базарбаев.
Салтанатты жиында күтіп алушылар шымкенттік құтқарушылардың кәсіби түрде, уақтылы және нәтижелі атқарған жұмыстары үшін алғыс сөздер айтып, батырламызға облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.
Елімізде болып жатқан соңғы төтенше оқиғаларға байланысты барлық өңірлерде «Жүректен жүрекке», «Күшіміз бірлікте» деген ұранмен гуманитарлық көмек көрсету акциялары өткен болатын. Жеке кәсіпкерлер мен қала тұрғындарының атсалысумен Шымкент қаласында да белгіленген пунктерге қажетті тұрмыстық заттар мен қаржылай көмектер жиналды. Су басқан оқшау және шалғай ауылдар ғана емес, ірі қалалар болғандықтан шығынға батқандар көп. Сондықтан мемлекеттің қолдауынан бөлек, әр өңірде белсенді азаматтар арнайы хор мен пунктер ашқан. Еріктілер кез келген уақытта өз көмегін ұсына алатындай етіп барлық жағдай жасалған. Шымкент қаласындағы жеке кәсіпкерлер мен белсенді азаматтар бұл оқиғаға қол қусырып қарап қалмады. Өз кезегінде әртүрлі қажетті заттардан бөлек ашылған қорларға қаржылай көмек көрсетті.

Пікір жазу