Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНАЛАР КҮНІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНАЛАР КҮНІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнiне арналған салтанатты жиын өттi. Ұжымдағы барша ардақты аналарымыз бен құрметті әпкелерімізді және қыз-келіншектер мен аяулы қарындастарымызды атаулы мерекемен қорық-музей директоры Нұрболат Ахметжанов құттықтап, еліміздің өркендеп дамуына нәзік жанды азаматшаларымыздың зор үлес қосып жатқандығын атап өттi.

Бүгінде әйелдер қауымы отбасының күнделікті шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп, біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде үлес қосып келеді. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Осы орайда мекеменің барша ер азаматтары нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, ақ тілектерін білдірді. Салтанатты жиын барысында әр салада аянбай еңбек етiп, көзге көрiнген әйел азаматтары құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. 

Атап айтсақ, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» директоры Алғыс хатымен Ералиева Салтанат Асылханқызы, Аширбекова Гулжан Қалданқызы, Байменова Ақшолпан Тинейбайкызы, Майлыбаева Жанат Серикбайқызы марапатталды. «Салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы» Құрмет грамотасымен Асқарова НағимаСарсенбекқызы, Аманқұлова Гүлбану Шегеқызы. Сонымен қатар, әйелдер күніне орай музей қызметкері Ақжарқын Абжанқызы Түркістан қаласы әкімінің құттақтау қағазына ие болды. Салтанатты жиын мерекелiк дастарханға ұласты.

Өз тілшімізден

Пікір жазу