Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №508 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» тиімді іске асыру, Шымкент қаласы аумағына есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз енуіне сенімді тосқауыл қою мақсатында, қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері тұрақты түрде бірлескен тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кезекті іс-шара Шымкент қаласында орналасқан «Қазпошта» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының пошта сұрыптау-тасымалдау басқармасында және қалалық теміржол вокзалында жүргізілді.
Онда Кинологиялық қызмет орталығының «Айла» және «Альфа» атты қызметтік иттерінің қатысуымен өткен тексеру, пошта жөнелтілімдері, жолаушылар және жүк тасымалдары арасында есірткі контрабандасын, сондай-ақ өзге де заңға қайшы заттарды заңсыз тасымалдау деректерін анықтау мен жолын кесуге бағытталды.
Атап өту қажет, аталған тексеру жұмыстары «Қазпошта» АҚ құрылымдық бөлімі, Көліктегі полиция департаменті Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімі мен Шымкент қаласының полиция департаменті арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде жүргізілуде.
© Didarbek.kz