Отырарлық полиция қызметкерлері тиісті мекемелермен бірлесіп, Ескі Шілік ауылдық округінің С.Құртайов мектебінде «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында қыздар арасында кездесу жиынын өткізді. Шараға «Жастар ресурстық орталығы»КММ-ның психологы Л.Сейталиева, орталық аурухана психологы А.Жасекова, Отырар АПБ-нің тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы З.Надирова және мектеп ұжымы қатысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталмыш жиында зорлық-зомбылық пен деструктивті мінез-құлықтың алдын-алу, әйелдер мен балаларды қорғау және олардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Мемлекет басшысының Жарлығымен енгізілген тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң бойынша жасөспірімдерге маңызды ақпараттар берілді.
Сондай-ақ арнайы психолог мамандары тарапынан көңіл-күй күйзелістерін қалыпқа келтіру мақсатында, қыздар арасында түрлі ойындар ойнатылып, қоғамды ізгілендіру мен өскелең ұрпақтың бойына ибалылық секілді асыл қасиеттерді дәріптеу жұмыстары жүргізілді.
© Didarbek.kz