Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ДАНА АРНАЙЫ КИІМ ТІГЕТІН ФАБРИКА САЛЫНЫП ЖАТЫР

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ДАНА АРНАЙЫ КИІМ ТІГЕТІН ФАБРИКА САЛЫНЫП ЖАТЫР

Түркістан облысы, Төлеби ауданында тірлігі табысты саналатын тігін фабрикасының құрылысы жүріп жатыр. Қазір ғимарат тұрғызылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ал кәсіпорынның инфрақұрылымға қатысты мәселелері кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бақылауына алынып, жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Алдағы уақытта электр, телефон желілері мен су құбырлары тартылады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке инвестиция есебінен жүзеге асып жатқан жоба KAZPLAST ЖШС-ға тиесілі. Жалпы инвестициялық құны – 1,5 млрд теңге. Жылына 150 мың дана арнайы киім тігетін кәсіпорында 150 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Биыл жұмысын бастағалы отырған фабрика өнімдері ел іші қажеттілігін өтемек.
Жалпы Түркістан облысында жыл басынан бері жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14 277,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі – 111,1% құрады. Ал өнеркәсіптің өндірілген өнімінің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 5,2% құрайды. Қазіргі таңда облыс аумағында жеңіл өнеркәсіп саласында жалпы 50-ге жуық кәсіпорын бар. Оның ішінде, 25 кәсіпорын мақта өңдейді, ал 10 тігін кәсіпорындары мен 9 тігін цехтары жұмыс істейді, 3 кәсіпорын аяқкиім шығарады, 1 кәсіпорын медициналық мақта шығарады.
Айта кетейік, облыста жіп және мата өндіретін кәсіпорындар жоқ. Алайда қазір аграрлы өңір әлеуетін осы салаға бағыттап, шикізат шығарып қана қоймай, дайын өнімді нарыққа шығару жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Салаға шетелдік инвесторлар мен заманауи технологияларды тарту арқылы жіп иіріп, мата өндіру ісінде алда кеткен елдердің тәжірибелері қолданылмақ.
© Didarbek.kz

Пікір жазу