Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » МАҚСАТ – ТІЛСІЗ ЖАУДЫ ТІЗГІНДЕУ

МАҚСАТ – ТІЛСІЗ ЖАУДЫ ТІЗГІНДЕУ

15-16 мамыр күндері еліміздің барша өңірлерінде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Былтырғы жылы Абай облысында болған орман өрті, биылғы су тасқынынан туындаған төтенше жағдайлар күллі қазақ елінің қайғысына айналды. Қаншама орманды алқапты өрт шалып, бірнеше отандастарымыз қаза тауып, қаншама қалаларды су басты. Тілсіз жаудың салдарынан көптеген шығындар болды.
Міне, осындай қайғылы апаттардың алдын алу және табиғи апаттар туындаған кездегі іс-қимылдарға басқару органдарының, азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарының дайындық деңгейін арттыру мақсатында Қазығұрт ауданы Тұрбат ауыл округінде Түркістан облысының «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.
Возможно, это изображение 14 человек и текст
Атаулы оқу-жаттығуларға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жолдасов Зұлыпхар Сансызбайұлы, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Тулешов Асқар Дәулетбайұлы, Қазығұрт ауданы әкімі Исмаилов Азизхан Азимханұлы қатысты. Іс-шара барысында арнайы жасақталған төтенше жағдайлар кезінде қимыл жасайтын түрлі құрылымдық топтардың әрбірінің жеке құрамымен, тиісті техникалармен, штабтың жұмысымен танысты. Сонан соң, арнайы жоспарланған командалық-штабтық оқу-жаттығуларды тамашалап, төтенше жағдай кезіндегі дайындықты бақылады.
Возможно, это изображение 5 человек и текст
Тілсіз жау болып саналатын өрт пен судың салдарынан әлемде қаншама елдер жапа шегуде. Дегенмен, сақтық шараларын жасап, төтенше жағдайларға барынша дайын болу мемлекеттік құзырлы органдар мен азаматтық құрылымдардың басты міндеті.
© Didarbek.kz

Пікір жазу