Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖЕТІСАЙДА ҚЫЛМЫС САНЫ ЕДӘУІР ТӨМЕНДЕГЕН

ЖЕТІСАЙДА ҚЫЛМЫС САНЫ ЕДӘУІР ТӨМЕНДЕГЕН

⚜️Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында ағымдағы жылдың басынан бері атқарылған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша есеп берді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 7 человек, помост и текст
Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен жиынға құзырлы мекеме басшылары мен аудан аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
‍♂️Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда аудан полицейлерінің қылмыспен күресті күшейту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету нәтижесінде тіркелген құқық бұзушылықтардың саны 441-ден 356-ға төмендеген. Полиция басшысы өз баяндамасында алдағы уақытта да бұл жұмыстар жүйелі атқаралатындығын жеткізді.
Возможно, это изображение 5 человек
Жиын соңында кездесуге қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұрғындар пікірі ортаға салынды. Сала басшылары тарапынан нақты жауаптар берілді.
© Didarbek.kz 

Пікір жазу