Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облыстық департаментінің бастамасымен жер-жерлерде адалдық, парасаттылық, мемлекеттік қызмет саласындағы оңтайландырулар мен заңбұзушылықтардың алдын алу, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, мәдениетті қалыптастыру мәселелері жайында түрлі деңгейлерде кездесулер өткізілуде, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Сондай кездесулердің бірі Жетісай ауданы әкімінің аппарат қызметкерлерімен де өтті. Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен жиында елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен заңнамалық актілері, жемқорлық белгілері болып табылатын жағдаяттар, мемлекеттік қызметкердің этикасы мен қатаң сақтауы тиіс ережелер мен талаптар түсіндірілді. Қызметтік бабын асыра пайдаланып, жеке бас пайдасының табысын арттыруға жасалған қылмыстардың салдары, заңда белгіленген жауапкершіліктер таныстырылды. Қандай да бір заңсыздықтарға жол берілген жағдайда қолданылатын жазаның да қатаң екендігі ескертілді. Арнайы бейнеролик көрсетілді.
Еркін форматта өткен жиын барысында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Мемлекеттік қызметшілерді елдегі сыбайлас жемқорлықпен бірігіп күресуге шақыратын мұндай жиындар алдағы уақытта қала, кент, барлық ауылдық округ әкімдерімен, бөлім басшыларымен, барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілермен жыл бойы өткізіп отыруды аудан әкімі аппаратының басшысы Есен Алданиязовқа тапсырды.

Пікір жазу