Мақтаарал ауданы әкімінің 27.03.2024 жылғы № 26 н/қ өкімімен ағымдағы жылдың 05 сәуір мен 21 мамыр күні аралығында Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында және аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» № 4 үлгілік базалық бағытының жобаларын орындау бойынша нұсқаулығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы және аудандық қоғамдық кеңес төрағасының қатысуымен жария талқылау жиналысы өтті. Жиналысқа аудан әкімі аппаратының басшысы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тобының жетекшісі Н.Атақұлов төрағалық етіп, ішкі талдау барысында анықталған кемшіліктер бойынша тиісті жұмыстар атқаруға тапсырмалар берді.
Сонымен бірге, Мақтаарал ауданы әкімі Б.Асановтың төрағалығымен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыс барысында аудан әкімі Б.Асанов сыбайлас жемқорлық-қазіргі қоғамдағы үлкен дерт екендігін атап өтіп, қызметшілердің өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне төзбеуді, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын қатаң назарға алуды тапсырды. Жиын соңында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағандары үшін жауаптылық туралы бейнероликтер көрсетілді.
Мақтараалда жемқорлыққа қарсы мобильді топ халыққа тегін құқықтық көмек көрсетеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында 2024 жылдың 16 мамыр күні адвокаттар, сот орындаушылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлардың қатысуымен Мақтаарал ауданының тұрғындарына заңгерлік кеңес беру жоспарлануда.
Кеңес беру орындары мен уақыты:
Мырзакент кенті, Мақтаарал аудандық орталық кітапханасы «Жастар орталығы», 16 мамыр сағат 15:00 — 16:00;
Достық ауылдық округ әкім аппараты, 16 мамыр сағат 16:30 — 17:30.
Құрметті Мақтаарал ауданының тұрғындары, аталған шара аясында кез келген азамат қажетті құқықтық көмек ала алады.