Түркістан облысы Полиция департаменті Сайрам аудандық полиция басқармасы жедел-криминалистикалық тобының криминалистері Сайрам ауданы «А.Исмаилов» атындағы мамандандырылған көпсалалы коледжінің студентеріне дәріс өткізді, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл дәрісті өткізудегі мақсат- жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және оларға қатысты қылмыстың алдын алу.
Сонымен қатар полицей мамандығына қызығушылық танытқан студенттерге криминалистика саласында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Атап айтқанда қылмыс болған жерді қарап-тексеру және криминалистикалық зерттеулер жүргізгенде қолданылатын криминалистикалық құрал-жабдықтар, арнайы техникалар көрсетілді.
Қызметкерлер полиция мамандығы бойынша студенттерді қызықтыратын сауалдарға жауап беріп, ішкі істер органдарына тағайындалу тәртібімен бөлісті.