Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » КЕНТАУДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

КЕНТАУДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Нұрәліқызының төрағалығымен өткен жиынға дербес бөлім басшылары, қала әкімінің аппарат қызметкерлері, жауапты мамандар қатысты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Жиында сөз алған қала әкімі аппаратының Заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Самат Әділханұлы дербес бөлімдерге жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін баяндады.
Жиынды қорытындылаған мәжіліс төрағасы Ақнұр Нұрәліқызы мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі, мінсіз атқаруға шақырып, мемлекеттік қызметте тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай ақ, сыбайлас жемқорлық заң бұзушылыщтарына жол бермеу және алдын алу бойынша тиісті жұмыстар атқару жөнінде ескертті.

Пікір жазу