Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдат Жанғазиевтің төрағалығымен семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Семинарда Әдеп жөніндегі уәкіл Б.Жанғазиев ауылдық округ әкімі аппараты мен аудандық дербес бөлімдердің мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелерін түсіндірді.
Сонымен қатар жиында мемлекеттік қызметшілердің декларациясын (кірістері мен мүлкі туралы декларация) тапсыру мәселелерін, мемлекеттік қызметке алғаш кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген азаматтарға қатысты кәсіпкерлік қызметпен айналысу жөніндегі шектеулердің сақталуы, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу және басқа да мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.