Ордабасы ауданы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөнінде ведомствоаралық топ мүшелері Шұбарсу ауыл округіне барып интернет алаяқтық туралы және жол жүру ережелері туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қайтты.
Қазіргі таңда белең алған интернет алаяқтардан сақ болу, өзінің жеке басын растайтын мағлұматтарды, банк карталарының номерлерін, CVV кодтарын бейтаныс адамдар қоңырау шалып сұраған жағдайда айтпаулары жайында кеңестер айтылып брошюралар таратылды. Жеке деректер, әсіресе смс код пен CVV кодар екінші тұлғаға жария етпеу керек. Интернеттегі алаяқтықты жүзеге асыру барысында қылмыскерлер өздерін банк қызметкері немесе банктің қауіпсіздік қызметі ретінде таныстырады, банк қызметкерлері ешқашан төлем картаның деректерін электрондық пошта бойынша немесе телефон соғу арқылы жасатпайтындығы жайлы айтылды.
Осы интернет алаяқтық қылмыстарының құрбаны болмау, яғни ақша аударымдарына, жалған ұтыс ойындары мен аз уақытта ақшаны бірнеше көлемде еселеп қайтару, банк қызметкерімін деп, туысыңызда келеңсіз жағдай орын алды деп хабарласу, интернет арқылы заттар мен көліктерді сатып алу кезінде және банктік ақша аударымдары кезінде мұқият болып, оның шынайылығы мен дұрыстығана көз жеткізген соң барып әрекет ету қажет.
Құжаттарды рәсімдеуде, несиелер мен тұрғын үй сатып алуда, әлеуметтік көмек алуда және басқаларында күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенімділік танытуда өте сақ болуды ұсынды. Өз проблемаларын шешуге немесе тез материалдық пайда алуға үміттеніп, алаяқтардың әр түрлі айлаларына сеніп қалмау керек.
Егер де, жоғарыда аталған жәйттарға тап болсаңыз, бірден полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.