Қазығұрт ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық –демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен аудандық Ардагерлер кеңесі, Әжелер алқасы және аудандық «Аналар асыл жандар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ж.Сәрсен, «Кемел-Ел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Әлімбеков, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» орталығының «Отбасын қолдау» бөлімшесінің меңгерушісі А.Қалботаевтардың қатысуымен Алтынтөбе, Жаңабазар, С.Рақымов және Жігерген ауыл округтерінде неке мен отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтар мен бала тәрбиесі, жасөспірімдермен және жастармен жұмыс жүргізудің балама әдістері, отбасындағы бейбітшілік — зорлық-зомбылықсыз қоғам тақырыптарында тұрғындармен түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жиыны өтті. Атаулы жиын барысында ауыл тұрғындарымен сұрақ-жауап, жан-жақты пікір алмасу жүргізілді.