Сауран ауданы әкімінің аппарат басшысы Бахытжан Халдыбекұлының төрағалығымен өткен жиынға дербес бөлім басшылары, қала әкімінің аппарат қызметкерлері, жауапты мамандар қатысты.
Жиында сөз алған қала әкімі аппаратының Заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Мақсат Мұхаметәліұлы дербес бөлімдерге жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін баяндады.
Мәжіліс төрағасы мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі, мінсіз атқаруға шақырып, мемлекеттік қызметте тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізу керектігін айтты. Жиын барысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Соынмен бірге, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жастарға насихаттау мақсатында және жастар мен жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында аудан көлемінде жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өткізілуде.
Сауран ауданы, Майдантал ауылдық округіне қарасты «Әйтеке би» атындағы жалпы орта мектебінде мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында кездесу болып өтті.
Кездесу барасында Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Э.Турдымуратов және әдіскері А.Сарсенбаев Президентіміздің Жолдауын кеңінен түсіндіріп, соның ішінде үшінші бағдар «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» бойынша тоқтала кетті.
Аталған бағдар аясында медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аударылатындығы, жеңілдетілген несие де берілетіндігі жайлы жеткізді. Жалпы мемлекеттік бағдарламалар туралы шолу жасады.
Шорнақ ауылдық округіндегі «Ж.Ташенов» атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және буллинг» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді.
Шараның мақсаты жастар мен жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу және одан шығу жолдарымен таныстыру, отбасы құндылықтарын насихаттау. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қалыпты қарым-қатынасты нығайту.
Кездесуге Түркістан облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері полиция подполковнигі Ж.Қанапов, Сауран ауданы АПБ, ЖПҚ, ЮПТ, УПИ полиция лейтенанты Е.Сейл Сауран аудандық»Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы орынбасары Э.Турдымуратов, Мектеп директоры Қ.Қалиев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бабичева Нурия, мектеп психолог маманы Б.Бердебаев қатысып, жастарға құқықбұзушылықтың, әлімжеттіктің, зорлық-зомбылықтың, лудоманияның, ертежүктіліктің алдын алу, жақсы білім және тәрбие алу жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу соңында мектеп оқушыларынан сауалнама алынды.
Майдантал ауылдық округінің «Әйтеке би» атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулық” тақырыбында қыздар арасында кездесу өткізілді тақырыбында қыздар арасында кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтына, отбасының амандығы мен бақытына деген құнды қарым-қатынасын қалыптастыруға ықпал ету, жастар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу.
Кездесуге Аналар алқасының мүшелері, Майдантал ауылдық дәрігерлік амбулаториясының мейірбикесі А.Еселхан, Майдантал ауылдық амбулаториясының акушер-гинекологы У.Нармухамедова, Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Ажибай және әдіскері Д.Анарбай қатысып ертежүктіліктің алдын алу бойынша түрлі мәліметтер беріп, оқушылардың сұрақтарына толық жауап берді.
Ескі Иқан ауылдық округіндегі Қ.А.Ясауи атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және буллинг» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді.
Шараның мақсаты жастар мен жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу және одан шығу жолдарымен таныстыру, отбасы құндылықтарын насихаттау. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қалыпты қарым-қатынасты нығайту.
Ескі Иқан ауылдық округіндегі N1 жалпы білім беретін мектебінде «Жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және буллинг» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді.
Шараның мақсаты жастар мен жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу және одан шығу жолдарымен таныстыру, отбасы құндылықтарын насихаттау. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қалыпты қарым-қатынасты нығайту.
Кездесуге Түркістан облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері полиция подполковнигі Ж.Қанапов, Сауран ауданы АПБ, ЖПҚ, ЮПТ, УПИ полиция капитаны А.Сыздықов, Сауран аудандық»Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы А.Дуйсенбекова, Сауран аудандық мәслихатының депутаты Х.Шарапов, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Х.Нуриллаева, Ш.Бакаева қатысты.
Онда жастарға құқықбұзушылықтың, әлімжеттіктің, зорлық-зомбылықтың, лудоманияның, ертежүктіліктің алдын алу, жақсы білім және тәрбие алу жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ескі Иқан ауылдық округіндегі «С.Рахимов»атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және буллинг» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді.
Шараның мақсаты жастар мен жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу және одан шығу жолдарымен таныстыру, отбасы құндылықтарын насихаттау. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қалыпты қарым-қатынасты нығайту.
Кездесуге Түркістан облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері полиция подполковнигі Ж.Қанапов, Сауран ауданы АПБ, ЖПҚ, ЮПТ, УПИ полиция капитаны А.Сыздықов, Сауран аудандық»Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы А.Дуйсенбекова, Сауран аудандық мәслихатының депутаты Х.Шарапов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ф.Субатов, Г.Маманова қатысып, жастарға құқықбұзушылықтың, әлімжеттіктің, зорлық-зомбылықтың, ертежүктіліктің алдын алу, жақсы білім және тәрбие алу жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.