Түркістан облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының 5 қызметтік автокөлігіне автоматты түрде жылдамдық өлшегіш «Автоураган» құрылғысы орнатылған. Аталған құрылғысы бар автокөліктер республикалық маңызы бар тас жолдарда, елдімекендерде қызмет атқарады.
Сондықтан көлік басқару кезінде елдімекендерде жүру жылдамдығын 60 км/сағ, ал елдімекеннен тыс трассаларда 110 км/сағ асырмаңыздар.
Егер жылдамдықты белгіленген шамадан асырсаңыз, жоғарыдағыдай көліктің камерасына түсіп, айыппұл арқалауыңыз мүмкін.
Мұндай заманауи кешен бізде бұрын-соңды болған емес. Мәселен, жол ережесін бұзған немесе ұрланған көліктің деректері базаға енгізіледі. Кешеннің бейнекамерасы тіркелген көлікке қатысты заң бұзушылықты дереу анықтап, дабыл қағылады. Дабылды мәлімет сол арада жедел басқару орталығына түседі. Оператор заң бұзушы көлік тіркелген шағын ауданда жүрген кезекші топқа хабарлама жібереді, яғни аз ғана уақыттың ішінде шара қабылданады.
Бүгінде 5 қызметтік автокөлікке орнатылған «Автоураган» мобильді кешенінде іздеу дерекқоры жүктелген. Нақты уақыт режимінде деректер мен бейнеақпараттарды автоматты түрде екінші деңгейдегі банктердің сайттары мен ресурстарын пайдалана отырып, жүргізушілерге айыппұлдар салу және оларды төлеу туралы нұсқамалар қалыптастыру үшін полицияның деректерін өңдеу орталығына және бас прокуратураның әкімшілік өндірістерінің бірыңғай тізіліміне береді. Мамандар мұның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік туғызатынын айтады. Өйткені полиция қызметкерінің жүргізушімен өзара іс-қимылы барынша аз болады. Бұдан басқа, көлік құралының нөмірлік белгісі полицияның іздестіруі немесе оның бұрын жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін айыппұлдар бойынша берешек тізімінде болуы тұрғысынан автоматты түрде тексере алады. Бұл жағдайда мобильді кешендегі полиция инспекторы заңға сәйкес құқық бұзушыға жедел әрекет ету шараларын қабылдауы мүмкін. Жолдардың бақыланатын учаскелері арқылы жүріп өткен көлік құралдары туралы барлық ақпарат полиция департаментінің серверінде сақталады және нөмірі, маркасы, моделі немесе түсі бойынша көлік құралдарын іздеу жөнінде сұрау салуды жүзеге асыруға, олардың фото-бейнетіркеу уақыты мен орнын белгілеуге, облыстық және республикалық маңызы бар жолдар бойынша бақыланатын көлік құралының қозғалыс маршрутын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан өз қауіпсіздігіңіз үшін жол қозғалысы ережесіне мұқият болыңыз.