Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ОҚУШЫЛАРҒА ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАҒИДАЛАРЫН ТҮСІНДІРУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ОҚУШЫЛАРҒА ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАҒИДАЛАРЫН ТҮСІНДІРУДЕ

«Абайлаңыз – балалар» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Абай АПБ ювеналды полиция инспекторы Хурсан Атажанов №125 мектептің оқушыларына жол жүру ережелері бойынша дәріс өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балаларға жолда қайғылы жағдай болмауы үшін қауіпсіз қозғалысының қарапайым ережелерін сақтауы қажеттігі туралы түсіндірілді. Яғни, жақын келе жатқан көліктің алдында жолды кесіп өтпеу, жолдан өту кезінде жаяу жүргіншілер өтпелін пайдалану және тек бағдаршамның жасыл рұқсат беру сигналына өту, жолдың жанында ойнамау, көлік қозғалысы қарқынды көшенің жүру бөлігін кесіп өту қиын болған жағдайда мектеп инспекторының немесе мұғалімнің көмегіне жүгіну керектігі айтылды.
Сабақ соңында балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу бойынша пайдалы ақпараты бар жадынамалар таратылды.
Тәртіп сақшылары ата-аналарға жол жүру кезінде баланың киімінде жарық шағылыстыратын элементтер бар болуын қамтамасыз етуді сұрайды.
Возможно, это изображение 5 человек, люди учатся и текст
Айта кетейік, полиция қызметкерлері мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді, себебі жолдағы балалардың қауіпсіздігі – ересектердің басты міндеттерінің бірі.
© Didarbek.kz

Пікір жазу