Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН 11 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН 11 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Полицейлер Түркістан облысы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде, «ізін суытпай» 180-нен астам қылмысты ашты. Есірткі құралдарын тасымалдау мен сақтаудың 18 фактісінің жолын кесті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
‍♂️Тәртіп сақшыларымен атқарылған жұмыс барысында 11026 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 950 құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды.
Возможно, это изображение 3 человека, люди играют в гольф, поле для гольфа и трава
❗️Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болуының 929 фактісі анықталды. Тұрғылықты жері бойынша бұрын сотталған және профилактикалық есепте тұрған 12 967 адам тексерілді.
‍♂️Полицейлер жол қауіпсіздігі бойынша мас күйінде көлік жүргізудің 53 фактісін анықтады. Қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 30-дан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
▫️Сондай-ақ полицейлер құқық бұзушылықтардың, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау жөнінде жадынамалар таратылды.
Возможно, это изображение 3 человека, карта и текст «LSIA USIA»
Естеріңізге сала кетейік, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы криминогендік жағдайды жақсарту, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы мақсатында өткізіледі.
© Didarbek.kz

Пікір жазу