Aудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен тұрғындармен болған кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалуы бойынша жиын өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы мен ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің мамандары, салалық бөлімдердің басшылары қатысты.
Мысалы 2023 жылдың қыркүйек және қараша айларында болған кездесулерде барлығы 190 мәселе (инфрақұрылым, ауылшаруашылық, мәдениет, кәсіпкерлік және т.б.) көтерілсе, 77-сі шешімін тапқан.
Аудан әкімі жауапты мамандарға ауыл әкімдерімен бірлесіп шешімін таппаған және орындалмау қаупі бар мәселелерге талдау жүргізуді тапсырды. Ал, осы жылы шешілетін мәселелердің уақытылы әрі сапалы қатаң қадағалауды міндеттеді. Яғни, қағазға түсірілген тапсырмалардың іс жүзінде орындалуы тиіс екенін айтты.
© Didarbek.kz