Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратында аудан әкімі Азизхан Исмаилов аппарат мәжілісін өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен қызметкерлері, ауыл округі әкімдерінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты. Аталған жиынның күн тәртібінде өзекті 3 мәселе көтерілді:
1. «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясының аудан көлемінде орындалу барысы туралы;
2. Аудандық білім бөлімінің атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы;
3. Ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері баяндама жасады. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өзінің нақты ұсыныстарын айтып, тапсырмаларын берді.
Атап айтқанда, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауыл округтердегі тазалықты күшейтуді, кейбір елді мекендердегі қасбеттерді ретке келтіруді ауыл округі әкімдері мен тиісті мекемелерге тапсырды. Екінші мәселе бойынша, білім бөлімдеріне қарасты мектептердің құрылысы, оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін күшейтуді, кадрлық мәселелерін ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар берді. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудан жастарын белсенділікке шақырып, жастар саясатын күшейтуді, ел болашағы жастарға тікелей байланысты екенін басып айтты.
© Didarbek.kz