Aудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аудан тұрғындарына кезекті жеке қабылдауын өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қабылдауға алдын ала жазылған азаматтардың дені тұрғын-үй мәселесімен жүгінсе, қалғандары жайылым, әлеуметтік көмек, жолды жөндеу, электр жарығы, ауыз су, жер қатынастары, тазалық сынды мәселелерге қатысты өтініштерін білдірді.
Аудан басшысы сол жерде жауапты мекеме өкілдерімен әр көтерілген мәселені жеке-жеке талдап, өтініш иесіне нақты жауап берді.
Аудан әкімдігінің құзырына кірмейтін кейбір мәселелер бойынша жауапты мекемеге арнайы хат жолдауды тиісті мамандарға жүктеп, бақылауда ұстауды тапсырды.
© Didarbek.kz