Aудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Береке елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме өкілімен кездесті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары 80-85% орындалды. Жарылған су қоймасын (резервуар) жамау жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Су қоймасына (резервуар) су толтыру жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі құрылысқа жауапты мердігер мекеме басшысына құрылыс жұмыстарын жандандыруды және қарқынын күшейтуді тапсырды, сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын бекітілген кестеге сай жүргізуді жүктеді.
Сонымен қатар,салаға жауапты орынбасарына қысымдау және тексеру жұмыстарын тездетіп аяқтау, сапалы жүргізу қажет екенін ескертті.
© Didarbek.kz