Aудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қайырбек Мейірманов хабарлама жасады. Сондай-ақ хаттамалық тапсырмалардың орындалуы мен санитарлық тазалық жұмыстарының барысы туралы аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Бекзат Мыңжасаров баяндап, жұмыс барысында орын алған кемшіліктерді слайд арқылы көрсетті. Тапсырмалардың орындалуы сараланып, мерзімінде орындамаған бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округі әкімдерінің есептері тыңдалды.

Аудан басшысы аталған мәселелер бойынша ауыл, кент округ әкімдері мен жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Жүктелген тапсырмалар үнемі бақылауда болатынын және әр бір іске жауапкершілікпен қарауды ескертті.
© Didarbek.kz