Қазығұрт ауданы Қарабау ауыл округінде «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің шалғай елді-мекендерде мобильді қоғамдық қабылдау өткізу іс-шарасы болып өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атаулы іс-шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Үмбеталиев Алтынсары Дүйсенбекұлы, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Тұрсынбаев Полат Мұратұлы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Әшіров Нұржан Сапабекұлы, Қазығұрт ауданы әкімі Исмаилов Азизхан Азимханұлы және партияның консультанттары мен партия қызметкерлері қатысты. Одан бөлек тиісті облыстық департаменттер мен басқарма басшылары, мәслихат депутаттары, аудандық әкімдіктің тиісті бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Мобильді қоғамдық қабылдау барысында жергілікті тұрғындар көкейлеріндегі кез-келген сұрақтар бойынша тиісті мамандардан жауабын алып, өтініштерінің шешілу жолын бірге қарастырды. Атап айтар болсақ, ауылды жерлерде жұмыс орынын құру, мал жайылымына жер бөлу, ауыл аманаты бағдарламасының несиесіне қолжетімділікті арттыру, дипломмен ауылға бағдарламасы мәселесі, ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу, азық-түлік бағасының қымбаттауы, кәсіпкерлік нысандарын көбейту, субсидия мәселесі, табиғи газ, ауыз су, әлеуметтік көрсетілетін көмектер, білім беру бойынша және басқа да бірқатар мәселелер төңірегінде сұрақтар мен өтініштер айтылды.
Арнайы қоғамдық қабылдау үшін келген «AMANAT» партиясының өкілдері мен басқарма басшылары ел аузындағы барша мәселелер бойынша жауап беріп, заң аясында шешілу жолдарын қарастырып, көптеген өтініштерді жол карталарына жазып алысты.
© Didarbek.kz