Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АУДАН БАСШЫСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНҒАН КӨКПАРШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНҒАН КӨКПАРШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Жақында Түлкібас ауданының көкпаршылары республикалық турнирде чемпионы атанып, аудан мерейін асырған болатын, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 11 человек, люди учатся и отдел новостей
Шымкент қаласында көкпардан ересектер арасында өткен турнирге Жамбыл, Түркістан облыстарынан жасақталған мықты 7 команда қатысқан еді. Финалға шыққан Түлкібастық көкпаршылар Қазығұрт командасын 7:3 есебімен жеңіп, 8 млн теңгені қанжығаларына байлаған болатын.
Ауданның абыройын асырып, ешкімнен сескенбеген, жүректі һәм білекті батыр жігіттерді және ардагер көкпаршы ағаларды бүгін аудан басшысы Нұржан Ізтілеуов қабылдады. Марапаттау жиынына көкпардан спорт ардагері, КСРО-ның 9 дүркін чемпионы Әбілхан Дауылбайұлы, көкпардан спорт шебері, Көкпар Федерациясының Түлкібас аудандық филиалының президенті Саев Жаныс және спорт ардагері, тоғызқұмалақтан Түркістан облысы федерациясының президенті, Ұлттық спорт турнирінің жанашыры Нұрғали Төребекұлы және жеңімпаз көкпаршылар арнайы келді.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
-Сіздер біздің ауданымыз үшін үлкен жетістік жасап, тағы да ауданымыздың атын асқақтатқан азаматсыздар. Ұлттық спортты ұмыт қалдырмай, жылқының тектілігін, қазақ ұлтының мықтылығын танытып жүрген бүгінгінің батырысыздар деп санаймын. Білектеріңізден күш, жүректеріңізден намыс кетпесін. Қашанда көк туымызды қалықтатып, қазақстанымыздың намысын қорғап, жүре беріңіздер,- деп аудан басшысы Нұржан Жақсылықұлы ізгі тілегін айтып, жастарға рух беріп, жеңімпаз атануына себепкер болған ардагер спортшылар Ә.Дауылбайұлына, Ж.Саевқа, Н.Төребекұлына қазақы дәстүрмен шапан жауып құрмет көрсетті.
Возможно, это изображение 2 человека, помост и текст
Сонымен қатар шара барысында Ақтау қаласындағы Азия чемпионатының абсолюттік салмақтағы чемпионы Ж.Әшімұлына және жеңімпаз көкпаршыларға сый құрмет көрсетті. Жиында ардагерлер Әбілхан Дауылбайұлы мен Жаныс Саевтың турнирдің барысын әңгімелеп, қабылдап, құрмет көрсетіліп жатқан аудан әкімдігіне алғыстарын білдірді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу