Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ: ЖЕРДІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА АЛУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ: ЖЕРДІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА АЛУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков халықтың өтінішін ескере отырып, жасыл белдеу аумағын өз орнында қалдыру бойынша тапсырма берді.
Игілік тұрғын алабы, Баба ата көшесінің бойындағы жасыл белдеу кезінде жеке тұлғаларға қойма құрылысы үшін берілген. Бірақ, жергілікті тұрғындар мегаполис басшысымен кездесу барысында жасыл белдеу аумағын жеке тұлғаға бермеуін сұрап, жасыл белдеуді орнында қалдыру бойынша өтініш білдірді.
Қала басшысының тапсырмасымен, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы аталған жерге зерделеу жұмысын жүргізді. Нәтижесінде, 1,4 га аумақтың нысаналы мақсаты «қойма жайлары және темір базасы құрылысын салу үшін», «Шебер Юг» ЖШС-не,«Шымкент құс» ЖШС-не және кәсіпкерге жеке меншік құқығымен рәсімделгені анықталды.
Алайда, бас жоспар бойынша аталған жер учаскесі жасыл желек аумағында орналасқандықтан, мемлекет мұқтажына алынады. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қазір әлеуметтік желіде жасыл белдеуде ағаштар кесіліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды. Аумақта кәсіпкерлер тарапынан ағаш кесу фактілері орын алмағанын хабарлаймыз және азаматтардан тек ресми ақпарат көзіне сенуін сұраймыз.
Аталған мәселе қала әкімінің жеке бақылауында.
Айта кетейік, 2023 жылы Шымкент қаласы аумағындағы жасыл желектер мен көгалдарды суғару мәселесін шешу мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 111 су ұңғымалары қазылған. Әр аудан бойынша 20 дана су ұңғымалары қазылып, автоматты суғару жүйелері жүргізіліп, сорғы құрылғылары орнатылды. Сонымен қатар, қысқы маусымға мемлекеттік-жекешелік әріптес тарапынан 155 арнайы техника жұмылдырылды. Өткен жылмен салыстырғанда қар күреуге арналған техникалар саны 87 данаға ұлғайтылды.

Пікір жазу