Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » АДАСПА, АҒАЙЫН!

АДАСПА, АҒАЙЫН!

Фото Әсета Әссанди.

Мен мемлекеттік қызметте бір күн де істемеген адаммын. Отбасымның бірде-бір мүшесі мемлекеттік қызметтің не екенін білмейді. Сонымен қатар, соттан да, полициядан да көрген қиянатымды ешқайсың көрмеген шығарсыңдар. Жемқорлықпен күресемін деп әділетсіздіктің құрбаны болған жанмын. Осы тұрғыдан айтарым бір ғана нәрсе – бабаларымызға жүгінейік…

Сарыағаштағы оқиғаға байланысты «Сабыр түбі – сары алтын», «Әліптің артын бағайық» дегім келеді. Әлеуметтік желіні шулатып жіберген оқиға шын мәнінде орын алды ма, алмады ма ешқайсың білмейсіңдер. Сендердікі – кенет пайда болған айыптау хорына үн қосу. Бірақ, оқиғаның басы-қасында ешқайсың болған емессіңдер! Сендер түгілі, 7-жасар баланың әжесі де басы-қасында болған емес. Ал, күдік пайда болды ма, оны сейілтетін де, дәлелдейтін де құзырлы орындар бар. Бұл жерде құзырлы орындарға сеніңдер, сенбеңдер, бәрі-бір бұл мәселе солардың құзырында!..

Осыны ой елегінен өткізіп, көздерің ашық, көкіректерің ояу азамат болатын болсаңдар, байбаламға ермеңдер.

Байбалам шығарып отырғандардың көбісі фейк екенін аңғарасыңдар ма? Және олар жүйелі сөз айтып отырған жоқ, мәдениетсіздік пен дөрекілікті алға тартып отыр. Расында болған оқиға болса, оған дөрекілік емес, уәж керек.

Иә, баланы әжесімен Астанаға алып кетті. Оңтүстікте жасалған сараптама сендердің ойларыңша сенімсіз болса, Астанада да сараптама жасалады. Неге соның қорытындысын күтпеске?

Сауатсыздардың жазбаларында: «Шымкент бәрін сатып алған!» деген бос сөздер қаулап жүр. Яғни, әлгі үш күдіктінің күнәсі дәлелденбесе – сараптама өтірік, дәлелденсе – шын бола ма? Бұл не деген көзқарас? Әлде өткен ғасырдың 37-ші жылдарын аңсап жүргендер бар ма? Қылмыс толық дәлелденбей, ол қылмыс болып есептелмейді! Қанша шуласаңдар да сол! Ал, дәлелденбей жатып, қиянат жасауға жол жоқ шығар!..

Байқаймын, мына шулағандардың арасында «білгіштер» де, «данышпандар» да өте көп! Ұят болады, ағайын! Әр іспен айналысатын өз мамандары бар. Ол мамандар жалған сөйлейтін болса, жалған сөйлегенін дәлелдеп барып айтыңдар! Бет-алды байбалам салудың еш қажеті жоқ! Және бір Алланың бар екенін ұмытпаңдар! Сендер Алла бола алмайсыңдар…

Енді сендердің жазбаларыңа қарайтын болсам, мені әкімдік қызметкері, «Нұр Отанның» атқамінері етіп қойдыңдар. ОҚО-да мен түгілі, менімен туыс – туыс емес, рулас әкім қызмет атқармайды. Мен тәуелсіз сарапшы ретінде сөйлеп отырмын. Әрине, түсінген адамға…

Ә.Ә.

Пікір жазу