Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатовтың төрағалығымен жиналыс болып өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері мен осы салаға жауапты мамандары қатысты, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Күн тәртібінде мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатов баяндап өтті. Онда 2024 жылғы көктемгі мерзімге әскерге шақыру бойынша зерделеу және іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын және әр ауылдық округтерге межеленген жоспарды жедел түрде орындауды тапсырды.
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны осы жылдың мамыр айының соңына дейін жалғасады. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының қатарын 18 бен 27 жас аралығындағы жас әскерге қатарына шақырушы толықтыратын болады.
Мәжілісті қорытындылыған аудан әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатов күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырма беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.